Қылмыскерлер ұрланған көлікке банкоматты байлап сүйреп әкете алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі епсіз қылмыскер Техас штатындағы Маршалл қаласында орналасқан дүкенді тонай алмаған.
Қарақшылар қылмыс жасауға әбден дайындалып, бұл үшін тіпті автомобильді де айдап әкеткен.
Алайда, олар көлікке банкоматты байлай алмады. Баукеспелер күдер үзіп, дүкеннен шыққан және ұрлап әкеткен көлікті иесіне қайтарып берген.