20:47, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Қылмыстардың басым көпшілігін жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің өздері жасайды
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қылмыстардың басым көпшілігін жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің өздері жасайды. Бұл туралы Қаржы полициясы агенттігінің сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу жөніндегі департаментінің бастығы Марат Сексембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қылмыстардың басым көпшілігін жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің өздері жасайды. Олардың қатарында - 579 әртүрлі қылмыс жасап, ісі сотқа берілген 144 адам бар», - деп хабарлады Марат Сексембаев ҚР Парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы барысында.
Оның сөзіне қарағанда, одан әрі тізімді ішкі істер органдарының (ІӘ, ІІМ, ҚАЖК) қызметкерлері жалғастырады - 153 қылмыс жасалып, 109 адамның ісі сотқа берілген. Кедендік орган қызметкерлері - 20 адам 27 қылмыс жасаған, салық қызметі органдары - 19 адам 39 қылмыс жасаған, Әділет министрлігі - 19 адам 48 қылмыс жасаған.