Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау мәселелері бойынша сарапшымен кездесу өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әңгіме барысында Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін дамытудағы адамгершілдендіру тәжірибесі, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандарға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау тетігі талқыланды.
Шетелдік қонақ сотталғандарды босағаннан кейін оңалту, олардың жалпы және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері, сотталған бір адамға жұмсалатын шығындар мәселелеріне ынта қойды.
Барлық қойылған сұрақтарға Әділет министрлігінің ҚАЖ комитетінің төрағасы Мейрам Аюбаев жауап қайтарды.
А.Джонатан тұманды Альбионның пенитенциарлық жүйесі туралы әңгімелеп берді. Бұдан кейін ол бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылған кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандармен «дөңгелек үстел» басында кездесті. Сұхбаттасу барысында шетелдік қонақ олардың барлығы да жұмысқа орналастырылғанын, ата-аналарына материалдық жағынан көмектесіп отырғандарын сұрастырып білді.
Жұмыс кездесуінің барысында А.Джонатан жасөспірімдердің заң ұсынған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, түзелу жолына түсулеріне тілектестігін білдірді.