Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің елордалық департаментінде пара беруші ұсталды
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің елордалық департаментінде сәрсенбі, 6 сәуір күні пара беруші ұсталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қаржы полициясының қызметкерлері пара берушіні бұлтартпас айғақпен ұстау операциясын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің елордалық департаменті қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.
Пара беруші істі болған азамат болып шықты, ол сәйкес тіркеуге келмеу фактін жасыру және сот тағайындаған жазадан жалтару үшін қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкеріне ақшалай сыйлық беру кезінде ұсталды.
Қазір бұл факті бойынша процессуалдық шешім қабылдау мәселесі шешілуде.
Бұл ағымдағы жылдың басынан бері тіркелген осындай үшінші оқиға. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне пара берудің алғашқы факті ақпан айында Қарағанды облысындағы колониялардың бірінде тіркелсе, екінші оқиға - наурыз айында елорданың іргесіндегі қоныс-колонияда тіркелген еді.