Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұжымы Алматы облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің орталық аппарат ұжымы Алматы облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету жөніндегі акцияға қолдау көрсетті.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Ұжым кеңесінде атап көрсетілгендей, бөтеннің қайғы-қасіреті болмайды, сондықтан да комитет қызметкерлері Алматы облысындағы су тасқынында зардап шеккендерге көмек қолын созып, шама-шарқынша көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Қайрымдылық шараны қолдаған осындай кеңестер Комитеттің барлық өңірдегі ведомстволары мен оқу мекемелерінде өтуде.