Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы күшейтіледі

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Палатаның жалпы отырысында екінші оқылымда талқыға салуға дайын.
None
None
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті осындай қорытынды шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасы халықаралық актілердің ережелерін ескере отырып, жазаларды өтеудің тәртібі мен шарттарын одан әрі жетілдіруге сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған. Осы заң жобасымен қатаң оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, оқшау учаскелер құру жолымен әр түрлі режим түрлерінде жазасын өтеуге сотталғандарды бір түзеу колониясы шегінде камерада ұстау мүмкіндігі көзделіп отыр. Сонымен қатар, тергеу изоляторларында тиісті жергілікті учаскелер құру жолымен қамауға алу түріндегі қылмыстық жаза енгізіледі, сондай-ақ оны атқарудың шарттары мен тетігі жетілдіріледі.Қылмыстық-атқару кодексінің бірқатар ережелері қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес келтіріледі. Бірінші оқылымында мақұлданған, заң жобасына ұсынылған депутаттар түзетулері жұмыс тобы мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырыстарында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Бас прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен қаралып, талқыланды. Енгізілген түзетулер заң жобасының жекелеген нормаларын жетілдіруге, оның ережелерін басқа заңдармен сәйкес келтіруге, сондай-ақ Заң жобасының мазмұнын жақсартуға бағытталған.
Соңғы жаңалықтар