Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге шалдыққан науқастарға жағдайы мамандарды алаңдатуда

Осыған байланысты, шетелдерден келген мигранттарды туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз ету, туберкулездің мультирезистенттік түрлеріне шалдыққан сотталған науқастарды екінші қатардағы препараттармен қамту және ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің туберкулезге қарсы мекемелерін ауаны тазарту жүйелерімен және ауруларды бөлек ұстайтын палаталармен қамтамасыз ету үшін шаралар қолданылатын болады.
Одан басқа, туберкулезге қарсы қызметтің төсек қорын қысқарту мақсатында қаражатты амбулаториялық емдеу деңгейіне бағыттау, диагностикалаудың жаңа әдістерімен, тәуекел топтарын толық флюорографиялық зерттеулермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстары атқарылуда.
Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде ұстанымын жақсартқанымен, туберкулездің дәріге төзімді түрімен сырқаттанушылық көлемінің артуы, сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге шалдыққан науқастарға көрсетілетін көмек жағдайы мамандарды алаңдатып отырғанын атап өту керек деп хабарлайды ҚР ДСӘД министрлігінің баспасөз қызметі.
Өткен бесжылдық кезеңде әлеуметтік мәні бар аурулардың таралушылығы мен халық өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Мәселен, туберкулезден болған сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші (100 мың адамға шаққанда тиісінше 147,3-тен 105,5-ке дейін және 20,8-ден 12,5-ке дейін) төмендеген. Сонымен қатар осы ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингінде Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 94-орында (2007 жылы -130,0 орын) және туберкулездің бизнеске әсер етуі бойынша 111 позицияда тұр.
Жүргізіліп жатқан ауқымды құрылысқа, «DOTS-плюс» туберкулезді емдеу бағдарламасының іске асырылуына қарамастан, туберкулездің таралуын, дәріге төзімділігінің дамуын және өлім-жітімді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.