Қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған заң жобасы еліміздегі қылмыстық жазалауды орындау және қылмыстық-атқару жүйелерін одан әрі жетілдіру мақсаты көзделіп отыр. Заң жобасы халықаралық актілер ережелерін ескере отырып, жазаны өтеу тәртібі мен жағдайларын одан әрі жетілдіруге, сотталғандарға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін арттыруға бағытталады. Сондай-ақ құжатта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамту шаралары көзделеді.
Заң жобасында бір түзеу колониясының шегінде қатаң оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған учаскелерді құру жолымен әр түрлі режім түрінде сотталған адамдарды ұстау мүмкіндігі де қарастырылады. Бұдан басқа тергеу изоляторларында тиісті жергілікті учаскелерді құру жолымен қамау түріндегі қылмыстық жаза де енгізіледі. Сондай-ақ оны орындау шарттары мен тетігі жетілдіріле түседі.
Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеуге тапсырылды.