Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруге қатысты заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None
Аталмыш құжат халықаралық актілердің ережелерін ескере отырып, жазаларды өтеудің тәртібін одан әрі жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар онда қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ететін баптар бар.
Соңғы жаңалықтар