Қылмыстық атқару жүйесін жетілдіруге қатысты заң жобасы Мәжіліске қайтарылды
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда Мәжіліске қайтарылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста осы заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Серік Ақылбайдың айтуынша, құжаттың мақсаты еліміздің қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Құжат талаптары бойынша еліміздің Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстері мен «Әділет органдары туралы», «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыптыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарты туралы» және өзге де бірқатар заңдарына өзгерістер енгізіледі.