12:31, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қылмыстық-атқару жүйесінде халық санағына байланысты іс-шаралар жүргізілуде
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - «Қазақстан Республикасында 2009 жылы ұлттық санақ өткізу туралы» Үкімет қаулысын жүзеге асыру аясында пенитенциарлық жүйеде де тиісті іс-шаралар жүргізілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, Статистика агенттігімен бірлесе отырып Әділет министрлігінің нысандарында, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде ұлттық санақ жүргізудің реті бекітілді. Қазіргі уақытта статистика органдарымен бірлесіп, бұқаралық-түсіндіру жұмыстары атқарылуда, жұмыстардың күнтізбелік жоспары жасалып, санақ жүргізілетін нысандардың тізбелері нақтылануда. Бүгінгі күні қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымында 20 тергеу абақтысы және 73 түзету мекемесі жұмыс істейді. 2009 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша бұларда 50 394 сотталушы және 8 298 тергеудегі тұлғалар отыр.