Қылмыстық-атқару жүйесінің бөлімдері арасында волейболдан аймақтық іріктеу жарыстарының қорытындысы шығарылды
деп хабарлады бас пенитенциарлық жүйе ведомствосының баспасөз қызметінен.
Іріктеу турнирлері бір ай бойына еліміздің төрт қаласында өтті. Жамбылда оңтүстік өңірдің бес волейбол командасының арасында өткен жарыста Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасы жеңіске жетті. Ал Қостанайда өткен турнирде алаң иелері Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті академиясының командаларын жеңіп шықты. Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Павлодардағы заң колледжінің командаларын ойсырата жеңіп, ақтық жарысқа жолдама алса, Ақтөбеде өткен турнирде Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан командалары алаң иелерінен жеңіліп қалды,
Аймақтық іріктеу турнирлерінде жеңіске жеткен командалар қыркүйектің 18-19-ында Қарағандыда өтетін ақтық жарыстарға қатысады.