Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері Ғазиз Байтасовты еске алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қаза болған әріптестерін еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері Ғазиз Байтасовты еске алды

Бүгін, 12 қарашада Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/25 мекемесінде Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өтіп, онда мекеме қызметкерлері қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Полиция капитаны Ғазиз Байтасов 2011 жылы Тараз қаласында болған террористік акті кезінде бандиттермен қақтығыста ерлікпен қаза тапты. Ол құқық қорғау органдарының офицері міндетіне абыройлы болды», - деп атап өтті Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен (марқұм) Ғазиз Байтасовқа Халық Қаһарманы атағы берілген болатын.