Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде «Құқық тәртібі» операциясы басталды
АСТАНА. Қарашаның 14-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бүгіннен бастап «Құқық тәртібі» операциясы басталды,
деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өзінің баспасөз баянында.
Бұл шараның негізгі мақсаты - түзету орындарындағы жедел жағдайды сауықтыру, сотталғандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ тыйым салынған заттардың, оның ішінде есірткі заттарының түзету мекемелеріне әкеліну арналарын жою.