Қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері соталғандарды шартты мерзімінен бұрын босату тетігін жеңілдетуді ұсынды

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері соталғандарды шартты мерзімінен бұрын босату тетігін жеңілдетуді ұсынып отыр.

Қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері соталғандарды шартты мерзімінен бұрын босату тетігін жеңілдетуді ұсынды

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Құқық қорғау органдарын реформалау кезінде қылмыстық - атқару жүйесінің қызметін жетілдіру» атты дөңгелек үстел отырысында Қылмыстық-атқару жүйесінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті.

Оның айтуынша, сотталғандарды шартты мерзімінен бұрын босату сот арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Яғни сотталған азамат аталмыш мәселе жөнінде тікелей сотқа өтініш беруге мүмкіндік алуы керек. «Сотталған азаматты мерзімінен бұрын босататындығын немесе босатпайтындығын сот қана шешуі керек. Ал қылмыстық атқару жүйесінің әкімшілік қызметкерлері сотқа тек сотталған азамат жөніндегі және олардың бас бостандығынан айыру орнында өздерін қалай ұстағандығы жөніндегі мәліметтерді ғана жібереді», - деді С.Күсетов.

Сонымен қатар ол шартты мерзімінен бұрын босату шараларын пайдаланғандарға екінші рет мұндай мүмкіндік берілмеуі тиістігін атап көрсетті.