Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облыстық соттарымен сот медиация тәртібімен істерді қарауды көтеру және рәсімдердің артықшылықтарын түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Мысалы, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2016 жылдың 29 қыркүйегінде А.Ермекованың апелляциялық түскен шағымы негізінде қылмыстық істі қарап, медиация тәртібімен қысқартты.
Жамбыл аудандық сот үкімімен А.Ермекова ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігімен (тонау) сотталып, 3 жылға бас бостандығынан шектелді.
Апелляция тәртіппен қылмыстық істі қарау барысында, сотталушы мен жәбірленуші кәсіби медиатор А.Қыстаубаевпен куәландырылған келісімді ұсынды. Жәбірленуші мен сотталушы татуласып, материалдық, моралдық залал толық көлемде өтелген және жәбірленушінің сотталушыға наразылығы жоқ.
Апелляциялық сатыдағы сот А.Ермекованы қылмыстық жауапкершіліктен босатып, ҚР ҚК-тің 68-бабы 1-бөлігі бойынша, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартты.
Қаулы заңды күшіне енді.