Қылмыстық істер бойынша өндірісті одан әрі оңтайландыруға байланысты кешенді шараларды қабылдау керек - Мемлекет басшысы

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Қылмыстық істер бойынша өндірісті одан әрі оңтайландыруға байланысты кешенді шараларды қабылдау керек. Осындай тапсырманы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау мәселесіне арналған кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

«Сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша өндірісті одан әрі оңтайландыруға байланысты кешенді шаралар қажет және оның жеделдігін арттыруымыз керек. Осы шаралардың аясында біз өзіміздің қылмыстық үдерісі шеңберінде «кінәні тану туралы келісім» институтының заңға сай екендігін түйсінеміз», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, бұл шаралар қылмыстық істерді тергеудегі сөзбұйдалықты азайтып, тергеу органдарының жұмысын оңтайландыруға, азаматтардың жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар