19:01, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
Қылмыстық істер өндірісін қарауды әрі қарай жетілдіру үшін кешенді шаралар қолдану қажет - Елбасы
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Қылмыстық іс өндірісін қарауды әрі қарай жетілдіру үшін кешенді шаралар қолдану қажет.

Бүгін Ақордада құқық қорғау органдарын реформалау мәселесіне байланысты өткен мәжілісте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құзырлы органдардың алдына осындай міндет қойды.
«Сонымен қатар, қылмыстық іс өндірісінің жеделділігін арттыруда да ауқымды шаралар қажет. Бұл өз кезегінде қылмыстық істерді қарау барысындағы басы артық істерді қысқартуға мүмкіндік беріп, тергеу органдарының жұмысын оңайлатады», деді Президент.