Қылмыстық «салтты» жаңғыртпақшы болған қылмыстық топтардың серкелері ұсталды ? Криминалдық полиция

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елімізде қылмыстық ортаның «салт-дәстүрін» қайта жаңғыртпақшы болған азаматтарға қолдау көрсеткен қазақстандық қылмыстық топтардың серкелері ұсталды.

Қылмыстық «салтты» жаңғыртпақшы болған қылмыстық топтардың серкелері ұсталды ? Криминалдық полиция
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Криминалдық полиция комитетінің бастығы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Комитет төрағасы атап көрсеткендей, ұрыларды қабылдауды ұйымдастырған және олардың қолдауымен «баукеспелер» мәртебесін алуға келісім берген «Абрам» және «Бикбаев» деген қазақстандық криминалдық топтардың «беделділері» бүгінде қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. «Қазіргі уақытта Рафаэль Бикбаев аса ірі көлемде героин контрабандасы үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал «Абрам» деген қылмыскердің ісі сотта қаралуда», - деді С.Күсетов. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органдарымен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландырған Алматы қаласының коммерциялық құрылымдарының бірі анықталды. Аталған құрылым салық төлеуден жалтарудың классикалық сызбасы бойынша жұмыс істеп, Франциядан контрабандалық өнім әкелу арналарын ұйымдастырған. Тәркіленген контрабанданың жалпы құны 16 млн. теңгені құрап отыр. Экономикалық контрабанда оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.