Қылмыстық топтарға қолдау көрсеткен мемлекеттік қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң жобасы жасақталуда - ІІМ

АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейтуді көздейтін заң жобасын әзірлеуде.

Қылмыстық топтарға қолдау көрсеткен  мемлекеттік қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң жобасы жасақталуда - ІІМ

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Заң жобасында ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңға қайшы әрекеттері үшін бас бостандығынан айыру мерзімдерін ұзартып, жауапкершілікті күшейтуден бөлек, қылмыстық топтарға қолдау көрсеткен адамдарды, мемлекеттік қызметкерлерді жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, жастарды ұйымдасқан қылмысқа тартқаны үшін жауапкершілік енгізілген.

 Заң жобасы құқық қорғау органдарымен қаралуда. Оның нәтижелері бойынша Парламенттің қарауына жіберіледі.