01:15, 08 Қараша 2017 | GMT +5
Қылмыстық топтың мүшесі 30 келі алтынмен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) Якутияда жеке автомобилімен өнеркәсіптік алтын әкетіп бара жатқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін ұстады.
Бұл туралы ТАСС ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасп хабарлады.
Салмағы 32,4 келі тартатын алтынның құны 76 миллион рубльден асады.
ФҚҚ атап өтуінше, тасылмалдаушы Магадан облысындағы Сусиман қаласының тұрғыны. Ол мүше боп табылатын қылмыстық топ алтынды елдің орталық және оңтүстік өңірлеріне астыртын жеткізіп отырған.