Қылмыстық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер енгізетін заң жобасы мақұлданды

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап мақұлдады,

Қылмыстық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер енгізетін заң жобасы мақұлданды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Депутат Жақып Асановтың айтуынша, заң жобасы бойынша арнайы жұмыс тобы он екі рет отырыс өткізіп, депутаттардан 194 ұсыныс келіп түсіп, олардың барлығы да қабылданған. Депутаттар заң жобасына прокурордың, тергеу және анықтау органдарының қылмыстық іс бойынша іс-әрекетіне шағымдарды қарау тәртібі бойынша және күдіктіні қамауға алу мерзімін ұзарту тәртібін нақтылайтын түзетулер енгізген.