21:26, 13 Тамыз 2015 | GMT +5
Қылышын жалаңдатқан қытайлық Бейжіңдегі сауда орталығына келгендерге шабуыл жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңнің Чаоян ауданы Саньлитунь көшесінің бойында орналасқан сауда орталығында келеңсіз жағдай орын алды.
Адамдарға шабуыл жасаған Цзилинь провинциясының 25 жастағы тұрғынын полицейлер қолға түсірді.
Бұл қытайлық азаматтың қолына қылыш алып, жөл-жөнекей өткен адамдарға шабуыл жасағаны белгілі болды. Оның бұл әрекетінен қытайлық әйел мен француз жапа шекті. Олардың есімдері анықталмады.
Жапа шеккендер ауруханаға жеткізілді. Алайда әйел адам алынған жарақаттар салдарынан ауруханаға бара жатқан жолда ажал құшты. Полицейлердің сөзіне қарағанда, қытайлықтың бейтаныс адамдарға неліктен шабуыл жасағаны белгісіз. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.