Қымбатты қазақстандықтар, мен үйге қайтамын – Елена Рыбакина

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 шілде күні елдің бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келеді. Спортшы елордада бірқатар кездесулер өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
None
None

«Қымбатты қазақстандықтар! Мен үйге қайтамын. Сіздер мен үшін жеңісті болған Уимблдонда маған қызу қолдау көрсеттіңіздер. Мен оны сездім. Алғыс айтамын. Біз тарихқа бірге ендік, бұл – керемет! Өзім әлі де сене алар емеспін», - дейді Елена Рыбакина. Чемпионның бұл жүрекжарды лебізін федерацияның баспасөз қызметі жеткізді.

Федерация мәліметінше, Елена Рыбакина елордада журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанғанын, барша жанкүйерлерге алғысын жеткізгенін жазған болатынбыз.

Президент Елена Рыбакинаға халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ, Болат Өтемұратов Елена Рыбакинаның жарқын жеңістері алда екендігі туралы пікір білдірді .

Фото: ktf.kz
Соңғы жаңалықтар