«Қыпшақ» тұрғын-үй кешенінің тапсырылуы жылдың соңы деп күтілуде - Астана әкімі
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің тапсырылуы 2010 жылдың соңы деп күтілуде. Осындай ақпарат Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың блогында орналастырылды.
«Қазіргі уақытта «Қыпшақ» тұрғын-үй кешенінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан үстіміздегі жылдың аяғына дейін пайдалануға берілуі тиіс», - деп жауап беріпті қала тұрғынының сұрағына қатысты қала әкімі.
Сонымен қатар, құрылыс мерзімдерінің орындалуын қадағалауды Астана қаласының Құрылыс басқармасы жүзеге асырып отырғаны да аталып өтілген.