Қыпшақтар тевтондық рыцарьларды қалай жеңуге көмектессе, қазақтар фашистерді талқандауға дәл солай көмектестуде - «Известия», 1943 жыл
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жеті жүз жыл бұрын ата-бабаларымыз - қыпшақтар орыстарға мұз қатқан Чудск көлінде қазіргі фашистердің бабалары болған тевтондық рыцарьларды талқандауға көмектескен. Алты жүз жыл бұрын туған даласын басқыншылардан қорғап қалған орыс жауынгерлерінің қатарында Едіге батыр бастаған батырлар да болды». Бұл жолдар Ұлы Отан соғысында, майдан даласында қан төккен қазақ халқының батыр ұлдарына арналған хатта жазылған.
Хатта отандастар өз жауынгерлерін біздің батыр халқымыздың атағы кеңге жайылған тарихын ұмытпауға, шегінбей, өмір үшін алға ұмтылуға шақырды.
«Известия» басылымының 1943 жылғы 6 ақпанында жарық көрген № 30 санында басылған үндеуге 2 миллион, 631 мың, 506 адам қол қойған, олардың арасында қазақстандық ғалымдар, жазушылар мен ақындар, еңбек үздіктері, оқушылар мен студенттер болды. ҚазАқпарат назарларыңызға «Известия» газетіндегі (№ 30 (8023) сенбі, 6 ақпан, 1943 жыл) мұрағаттан алынған мәтіннің толық нұсқасын ұсынады.