Кырчын шатқалында Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арналған киіз үйлер су астында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кырчын шатқалында ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арналып құрылған 20 киіз үйді су басты.
Бұл туралы жұмада КирТАГ Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлады.
«Бүгін, 2 қыркүйекте, сағат 14:20-да Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтетін Кырчын жайлауында қатты нөсер жауып, салдарынан 20 киіз үйді су басты», - делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар және ТЖМ 50 құтқарушысы тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Еске салсақ, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Ыстықкөлде 1-8 қыркүйек аралығында өтеді.