Қырғыз астанасының орталығында «Бішкек» дәмханасы өртеніп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек қаласының Жібек Жолы және Тұрысбеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Бішкек» дәмханасы өртеніп жатыр. Бұл туралы сейсенбі күні КирТАГ агенттігіне өрт сөндіру қызметінің бастығы Нұрлан Тәшмәмбетов хабарлады.
«Жібек Жолы және Тұрысбеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Бішкек» дәмханасы өртеніп жатыр. Өрт шамамен сағат 17:00-де басталды. Дәмхананың жазғы алаңында 100 шаршы метрдей аумағының шатыры өртенген. Тілсіз жаумен екі бригада арпалысуда, өрт ошағы жойылды, бірақ жалын толық сөндірілген жоқ», - деп хабарлады Н.Тәшмәмбетов.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себебі белгісіз.