Қырғыз ауылшаруашылық қызметкерлері өнімдерін төмен бағаға сатуда

АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстігінде бағбандар інжірді өте төмен бағаға сатуда. Жергілікті ауылшаруашылық қызметкерлерінің айтуынша, мұндай төмен баға көп жылдан бері болған емес.

Қырғыз ауылшаруашылық қызметкерлері өнімдерін төмен бағаға сатуда

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ош облысындағы інжірдің бір данасының бағасы қазір - үш-төрт сом (9-13 теңге). Бұл туралы Kginform хабарлады.

Ауылшаруашылық қызметкерлерінің айтуынша, інжірдің биылғы күздік өнімі өте жақсы болды. Ауа райының қолайлылығы да әсер етті. Оның үстіне соңғы жылдары ауыл тұрғындары інжір өсірумен көптеп айналысуда.

Айта кету керек, Ош қаласының облыстық орталығының өзінде інжір екі-үш есе қымбат тұрады. Қалаға апарар жолда-ақ алыпсатарлар оның бағасын қымбаттатып жібереді.