19:18, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Қырғыз депутаттары лаңкестікке қарсы коалиция авиабазасын елден шығаруға көпшілік дауыс берді
БІШКЕК. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Жогорку Кенештің бүгінгі отырысында Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Қадырбек Сарыбаев депутаттар назарына
«Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің АҚШ Елішілігінің 2001 жылғы желтоқсанның 4-індегі №542 нотасына жауап ретінде екеуі бірігіп Қырғыз Республикасы Үкіметі мен АҚШ Үкіметінің арасындағы келісімді құрайтын құжаттың күшін жою туралы» заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қырғыз парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Министрдің айтуынша, Ауғанстан тарапынан әлемдік қоғамдастыққа төніп отырған қауіпке байланысты 2001 жылы бұл келісімге Қырғыз Республикасының Үкіметі қол қойып, Жогорку Кенеш ратификациялаған болатын. «Келісім жасалғаннан бері сегіз жыл өтті. Осы кезеңде қауіп сейілді. Ауғанстанда мемлекеттік институттар қалыптасты, конституция қабылданды, ел Президенті сайланды, Үкімет қалыптасты. Ауғанстанның мемлекеттік басқару органдары жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасалды», - деді Қ.Сарыбаев. Сондай-ақ ҚР СІМ басшысы Келісімнің күшін тоқтатуға басқа да факторлар, атап айтқанда, Қырғызстан азаматының өлтірілуі, «Манас» авиабазасы орналасқан жерге жақын орналасқан ауылдар тұрғындарының көзқарасы сияқты себептер де әсер етті. 2002 жылы авиабаза әскери қызметшісі екі Қырғыз азаматын басып кетті, «Қырғызстан» авиакомпаниясының ұшақтары авиабазаның әскери ұшағымен соқтығысып қалды», - деді елдің сыртқы саясат ведомствосының басшысы.ҚР Жогорку Кенешінің бірқатар депутаттары сөйлегеннен кейін заң жобасына 78 дауыс берілді, 2-уі қарсы, 1-і қалыс қалды. ҚР Жогорку Кенешінің баспасөз қызметі атап өткендей, енді екі тарап бір-бірін хабардар етеді, заңға Қырғыз Республикасының Президенті қол қойғаннан кейін авиабаза 180 күннің ішінде елден шығарылуы тиіс.