Қырғыз депутаттары орыс тілінен бас тартпақ

АСТАНА.  Қыркүйектің  17-сі. ҚазАқпарат -   Қырғызстан  Парламентінің  депутаты Бейшенбек  Абдырасақов    үш  ай  бойы барлық кеңестерді  тек  қырғыз тілінде  өткізуді  ұсынуда.

Қырғыз  депутаттары  орыс тілінен бас  тартпақ

Бұл туралы депутат бүгін,  қыркүйектің 17-сінде,    Қырғыз  Республикасы Жогорку Кенешінің   мәжілісінде мәлім етті,  деп  хабарлайды "24.kg"    ақпараттық агенттігі.

Депутаттың айтуынша, бүгінде  республика    мемлекеттік тілдің  20 жылдығын  тойлауға белсенді  дайындалуда.  «Бұл   шараларға  Парламент те  өз  үлесін қосуы керек»,  дейді Бейшенбек  Абдырасақов.

Оған   қоса,  депутат   барлық жарнаманы   қырғыз  тіліне аудару   қажеттілігін атап  көрсетуде.  «Бүгінде мектептерге  қырғыз тіліндегі    оқулықтардың  жетіспеушілігі   61 пайызды құрайтынын  айта кету керек.   Осы  олқылықтың  орнын  толтыруға  600 миллион сома  қажет», дейді  депутат Б. Абдырасақов.