Қырғыз депутаты: Әулие Валентин күні - шайтанның мерекесі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты Тұрсұнбай Бәкір уулу әулие Валентин күнін шайтанның мерекесі екенін айтты, деп хабарлайды kyrtag.kg.
«Әулие Валентин күні - ол жын-шайтанның мерекесі. Сондықтан оған тыйым салу керек», -деді депутат парламент отырысында.
Оның айтуынша, аталған «мереке» қырғыздардың менталитетіне қарсы келеді және жастардың теріс жолға түсуіне ықпалын тигізіп отыр.
«Бүгін бұл «мерекені» мектеп оқушыларының өзі атап өтуді дәстүрге айналдырған. Бұл не деген сұмдық?!» - деді ол.