Қырғыз елінде шағын 14 ГЭС салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Мемлекеттік өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану комитеті шағын 14 ГЭС құрылысына тендер жариялады. Бұл туралы 24.kg хабарлады.
Тендерге Қырғызстанның және шет елдің заңды тұлғалары қатыса алады. Жеңіске жеткен шет елдің инвесторы Қырғыз аумағында тіркелген еншілес ұйымын құруы міндеттелген.
Республикада қуаты 3-тен 20 МВт-ға дейін 14 шағын станса салу жоспарланып отыр.
Жобаны іске асырушы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қырғызстандық мамандарға көбірек сенім білдіруі қажет, сондай-ақ материалдар мен өнімдерді және қызметтерді республикадан сатып алуы тиіс. Тек Қырғызстанда жасалмайтын немесе басқа елдерге қарағанда қымбатқа түсетін тауарларды ғана жеткізуге рұқсат берілген.