Қырғыз елінің астанасында Бішкек батырдың 310 жылдығына орай ескерткіш орнатылады

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасында Бішкек Батырдың 310 жылдығына орай  Бішкек батырға ескерткіш  ашуға қаржы жинау үшін қайырымдылық марафоны ұйымдастырылады,

Қырғыз елінің астанасында Бішкек батырдың 310 жылдығына орай ескерткіш орнатылады

деп хабарлады Бішкек астаналық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

 Шара А.Малдыбаев атындағы опера және балет театрында сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.

 Атап өтілгендей, Қырғыз Республикасының Үкіметі Бішкек батырдың 310 жылдығына орайластырылған салтанатты шаралардың жоспарын бекітті. Оған сәйкес, 2012 жылы Бішкекте батырға арналған ескерткіш орнатылады.