Қырғыз елінің тумасы Бостон марафонындағы лаңкестікке қатысты істің 5-ші фигуранты болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз елінің тумасы, Куинси қаласының (Массачусетс штаты) тұрғыны 23 жасар Хайрулложон Матанов ағайынды Жоһар мен Тамерлан Царнаевтармен достығы мен байланысы, сондай-ақ философия тұрғысынан зорлық-зомбылықты ақтау тақырыбында олармен әңгімелескенін жасыруға тырысқан, деп хабарлады «Интерфакс».
None
None

Қорытынды құжатта жазылғандай, ол құжаттарды және басқа да материалдық нысандарды, атап айтқанда компьютерді жоюға, өзгертуге тырысқан. Осыдан кейін ол федералдық тергеушілерге бірқатар жалған айғақтар берген.

Осылайша, Матанов Бостон марафонындағы жарылыс туралы істің бесінші қатысушысы болып шыға келді. Ол Қырғызстан азаматы болып табылады, 2010 жылы АҚШ-қа заңды түрде келген. Содан бері Массачусетсте тұрып, такси жүргізушісі болып жұмыс істеген.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон марафонында екі жарылыс орын алып, салдарынан 3 адам ажал құшты, 200-ге жуығы жапа шекті. Кейін полиция лаңкесті жасаған екі күдіктінің ізіне шығып, олар АҚШ-та заңды түрде тұрып жатқан Солтүстік Кавказдың тумасы ағалы-інілі Тамерлан мен Жоһар Царнаевтар болып шықты.

Осы лаңкестік іс бойынша Царнаевтың үш досы қазақстандық Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов және америкалық Робел Филиппоске Бостон марафонының мәресінде болған жарылысқа қатысты істі тергеуге кедергі келтірді деп айып тағылды.

Азамат Тәжаяқовтың соты мамырдың 30-на белгіленсе, Диас Қадырбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс қыркүйектің 8-і күні қаралмақ.

Бостондағы жарылысты ұйымдастырған Жоһар Царнаевпен сыбайласып, айғақ заттардың көзін құртты деп айыпталған отандастарымыз кінәлі деп танылса 25 жылға абақтыға тоғытылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар