Қырғыз картобына енгізілген шектеу алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстаннан Қазақстанға картоп жеткізуге қойылған шектеу алынды. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Алмасбек Марс мәлім етті.

Қырғыз картобына енгізілген шектеу алынды

«Ақпарат ұсынылып, мамандар ахуалмен танысу үшін барды. 4 маусымнан бастап шектеу алынып, бүгінде картоп тасымалдауға болады», - деді ол.

Сонымен қатар А.Марс шекарада бақылаудың бар екендігін, мониторинг жүргізіліп отырғандығын баса айтты.

«Шектеу  картоптың «алтын түсті нематода» деп аталатын кеселі 79 рет анықталғаннан кейін енгізілген болатын», - деді комитет төрағасының орынбасары.