Қырғыз контрабандашылары Қазақстандағы өзеннің түбінен жанармай ұрлап келген
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстандық контрабандашылар Шу өзенінің түбінен жанармай ұрлап келген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Бішектегі меншікті тілшісі Қырғыз Республикасының Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2017 жылдың 26 қаңтарында Чу облысының Иссык ата ауданының Кен-Булум елді мекенінің шетінде жанар-жағар майды арнайы құбыр арқылы сорып алумен айналысып келген Қығызстан азаматтарын ұстады. Бұл желі Шу өзенінің түбінен Қазақстанан Қырғызстанға жүргізілген»,- делінген хабарламада.
Қырғызстан азаматтары ұсталған кезде арнайы цистерналарға 15 тоннаға жуық дизельді отын құйып алған.
Ұсталған азаматтар мен контрабандалық тауар одан әрі қарай істің мән-жайын анықтау үшін құзырлы орган өкілдеріне жіберілді.