Қырғыз құқыққорғау органдары Қытай елшілігі маңында болған оқиғаны теракт деп бағалауда

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғыз құқыққорғау органдары Қытай елшілігі маңында болған оқиғаны теракт деп бағалауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қырғыз құқыққорғау органдары Қытай елшілігі маңында болған оқиғаны теракт деп бағалауда

Бүгін Бішкекте орналасқан Қытай елшілігі маңында жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, құқық қорғау органдары оқиғаны теракт болуы мүмкін екендігін атап өтті. Мекеменің батыс қақпасын бұзып кіргісі келген Mitsubishi Delica көлігі жарылған.

Жарылыс салдарынан автокөлікте болған жүргізуші қаза тапқан және екі адам зардап шеккен. Жүргізушінің аты-жөні анықталуда. Дипломаттардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Лаңкестікке қарсы орталық қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

null null