Қырғыз манасшысы Якутиядағы жыршылар сайысында жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияда «Олонхо жеріндегі әлем халықтарының эпосы» халықаралық эпикалық форумында қырғыз манасшысы Замирбек Баялиев жыршылар байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы ҚырТАГ-қа дүйсенбі күні «Айтыш фильм» киностудиясының баспасөз хатшысы Чолпон Ыдырысова хабарлады.

Қырғыз манасшысы Якутиядағы жыршылар сайысында жеңімпаз атанды

Финалда З.Баялиев Ысыах ұлттық мерекесінде 20 мың адамдық көрермендер алдында өнер көрсетіп, Мемлекеттік жиналыс (Ил Тумен) төрағасы А.Жирковтың атынан алтын сағатпен марапатталды және «Азаматтық ерлігі үшін» бриллиантты күміс ерекшелік белгісі мемлекеттік наградасына ие болды. Бұл марапатты Саха-Якутия Республикасының басшысы Егор Борисов тапсырды.

Эпикалық форум охонхоны ЮНЕСКО адамзаттың ауызша мұрасының жауһары деп тануының 10 жылдығы құрметіне өткізілді.