Қырғыз-өзбек үкіметаралық комиссиясы бес жылдық үзілістен кейін жұмысты жандандырды

БІШКЕК. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Ташкентте 2009 жылғы желтоқсанның 28-інде премьер-министр Данияр Үсенов бастаған Қырғызстанның үкіметтік делегациясы Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның жетінші отырысына қатысты. Оның жұмысы бес жылдық үзілістен кейін жұмысын жандандырды.

Қырғыз-өзбек үкіметаралық комиссиясы бес жылдық үзілістен кейін жұмысты жандандырды

Делегацияларды Данияр Үсенов және Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрі Рустам Азимов басқарды.

Отырыстың жұмыс барысында сауда-экономикалық, су-энергетикалық, гуманитарлық, ғылыми-техникалық, кедендік, көші-қон және құқық салалардағы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, келіссөздерде екі ел президенттерінің уағдаластықтарына сәйкес шекараларды межелеу мәселелері көтерілді.