Қырғыз парламенті ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздігі күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру туралы келісімді мақұлдады

БІШКЕК. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары халықаралық маңыздағы және ҰҚШҰ мен ТМД ауқымындағы бірқатар келісімдерді мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қырғыз Республикасы ЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шекара қызметі төрағасының бірінші орынбасары Кубаныч Сарыбаев ұсынған заңдардың қатарында «2007 жылғы қазанның 6-сында Душанбе қаласында қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымының ұжымдық қаупсіздік күштерін және кұралдарын басқару жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы болды. Аталған келісім ұйымға мүше-мемлекеттердің ұжымдық, ұлттық қауіпсіздігіне бейбіт және соғыс уақытында қатер төнгенде сайма-сай әрекет етуде ұжымдық қауіпсіздіктің күштері мен құралдары жүйесін тиімді пайдалануды және басқаруды қамтамасыз етеді.Сондай-ақ қырғыз депутаттары «2008 жылғы қазанның 10-ында Бішкекте қол қойылған, ТМД мүше-мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастығы туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» Қырғыз Республикасының Заң жобасын қабылдады. Аталған заң жобасы Достастыққа мүше-мемлекеттердің шекара саласындағы ұлттық мүдделерін қорғау, шекаралас аумақтарға инвестиция тартуға жағдай жасау, шекара, кеден және көші-қонды бақылау рәсімдерін оңайлату мақсатында жасалған.
Соңғы жаңалықтар
Референдум