Қырғыз Президенті Ақсый оқиғасында қаза тапқандарды еске алуға арналған шараға қатысты

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбьек Атамбаев  Ақсый оқиғасында қаза тапқандарды еске алуға арналған шараға қатысты.

Қырғыз Президенті Ақсый оқиғасында қаза тапқандарды еске алуға арналған шараға қатысты

Осыдан 10 жыл бұрын, 2002 жылдың 17 мамырында сол кездегі биліктің кінәсінен Ақсый ауданына қарасты Боспиек елді мекенінде Қырғызстанның 6 азаматының өмірін қиған оқиға орын алды.

А.Атамбаев өзінің жарлығымен 17 мамырды Ақсый оқиғасын еске алу күні деп жариялаған болатын. Президент Джалалабад облысының Ақсый ауданында мұражайдың ашылу рәсіміне қатысты.