Қырғыз президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Ресейге бара жатыр
Іссапар барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөз өткізу жоспарланған.
Мемлекет көшбасшылары күн тәртібіндегі екіжақты және жан-жақты мәселелерді, сонымен қатар екі тарап үшін де тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылайды.
Сондай-ақ ресми сапар барысында Садыр Жапаров басқа да ресми тұлғалармен кездеседі деп жоспарланған.
Қырғыз басшысы 9 мамырда құрметті қонақ ретінде Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады.
Қырғыз Республикасы ресми делегациясының құрамында мына шенеуніктер бар:
- Адылбек Қасымалиев – Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары;
- Жээнбек Кулубаев – Сыртқы істер министрі;
- Мұратбек Азымбакиев – Президент Әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі;
- Марат Иманқұлов – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
- Гульнара-Клара Самат – Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі;
- Ұлан Ниязбеков – Ішкі істер министрі;
- Асқарбек Джаныбеков – Ауылшаруашылығы министрі;
- Тілек Текебаев – Транспорт және коммуникация министрі;
- Данияр Амангелдиев – Экономика және коммерция министрі;
- Құдайберген Базарбаев – Еңбек, әлеуметтік қамту және миграция министрі;
- Таалайбек Ибраев – Энергетика министрі;
- Нұрдан Орунтаев – Бішкек қаласы мэрінің орынбасары.