Қырғыз Президенті Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қырғыз Президенті Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

Ислам Кәрімов атындағы халықаралық әуежайда Садыр Жапаровты Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Арипов күтіп алды.

Қырғызстан мен Өзбекстан көшбасшылары кездесуінің күн тәртібіне сындарлы саяси диалогты жалғастырудың, сауда, өнеркәсіп, көлік, энергетика, ауыл және су шаруашылығы саласындағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды кеңейтудің, парламентаралық және өңіраралық байланыстарды жандандырудың өзекті аспектілері енгізілген.