Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева Ішкі істер министрлігінің алқа отырысына қатысты

БІШКЕК. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева ҚР Ішкі істер министрлігінің алқа отырысына қатысты.

Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева Ішкі істер министрлігінің алқа отырысына қатысты

ІІМ кеңейтілген алқа отырысы «Республика ІІО 2010 жылға жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері, ІІО 2011 жылға арналған міндеттері мен негізгі жұмыс бағыттары» мәселесіне қатысты болды. Отырыс Ішкі істер министрі Зарылбек Рысалиевтің төрағалығымен өтті. Оған сонымен қатар ҚР вице-премьер-министрі Шамиль Атаханов, ҚР Президенті Аппаратының Қорғаныс және қауіпсіздің бөлімінің меңгерушісі Бусурманқұл Табалдиев қатысты.

Өз сөзінде Роза Отынбаева ішкі істер органдары қызметінің аса маңызды мәселелері бойынша бірлескен талқылаулардың қажеттілігіне және оларды шешудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ішкі істер органдары алдына жақын болашаққа нақты міндеттер қойды.