Қырғыз Республикасының саяси элитасы мен халқы ең алдымен өз ынтымақтастығын нығайтуы қажет - Қазақстан халқының рухани даму қорының президенті

; АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қырғызстандағы соңғы жағдайлар аймақтық ахуалға өз ықпалын тигізеді. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлі» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды,

Қырғыз Республикасының саяси элитасы мен халқы ең алдымен өз ынтымақтастығын нығайтуы қажет -  Қазақстан халқының рухани даму қорының президенті

хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басына келген адам мойнына үлкен жүк артады. Ел басшылары халықтың жағдайын жақсартып, сана-сезімін көтеруге баса мән берулері керек еді», дейді Қазақстан халқының рухани даму қорының президенті Алмаз Нұразхан. Алмаз Шайкенұлының айтуынша, Қазақстан Президенті шетелден кеңесшілер шақырып алдымен экономиканы көтеруге күш салған кезде оған қарсылық білдірген адамдар аз болған жоқ. Алайда халықтың ауызбіршілік танытуының арқасында қазір бұл бастама өз жемісін беруде. Сондықтан дағдарыстан шығу үшін Қырғыз Республикасының саяси элитасы мен халқы ең алдымен өз ынтымақтастығын нығайтуы қажет. Осы себепті аймақтағы ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің сақталуына мүдделі барлық ғалымдар мен сарапшылар арнайы бас қосып, өз шешімдерін мемлекет басшыларының назарына ұсынуға ұйғарым жасап отыр.