Қырғыз сарапшысы экстремизммен күрес жөніндегі қазақстандық тәжірибені енгізуді ұсынды
«Арбаушылар (діни-экстремистік ұйымның - ред. ҚазАқпарат) әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды ғана емес, білімді және қызмет жасап жүрген жастарды да өз қатарларына тартумен айналысып келе жатқанын тәжірибе көрсетіп отыр. Біздің еліміз қол қусырып қарап отыр дегім келмейді. Жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірақ сонда да діни экстремизмнің алдын алу шараларын күшейту қажет. Мысал ретінде көрші Қазақстанның тәжірибесін алуға болады, 2013 жылы ҚР Президентінің жарлығымен іс жүзінде жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешіп, экстремистік идеологияның радикалды идеяларына бой алдыруға жол бермейтін Антитеррористік коммиссия құрылды», - деді қауіпсіздік бойынша сарапшы Н.Алапаева.
Қырғыз сарапшылары оған қазақстандық тәжірибені Қырғызстан жағдайында қолдану мүмкіндігі туралы бірқатар сұрақтар қойды.