Қырғыз сарбаздарының әскери борышын өтеу мерзімі қосымша 2 айға дейін созылуы мүмкін

АСТАНА. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғыз елінің әскери қызмет туралы заңнамасына өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз сарбаздарының әскери борышын өтеу мерзімі қосымша 2 айға дейін созылуы мүмкін
Фото: kabar.kg

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 14 шілде күні «Қырғыз Республикасы азаматтарының жалпыға бірдей әскери міндеті, әскери және балама қызметтер туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Жогорку Кенеш аталған заңды 7 маусымда қабылдаған болатын.

Заңға сәйкес, жоғары оқу орындарын бітірген азаматтар үшін келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ, қорғаныс мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның басшысына мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді әскери қызметте белгіленген мерзімнен артық уақытқа қалдыру құқығы берілді. Әскерде қосымша қалдыру уақыты 2 айға дейін созылуы мүмкін. Бұл шара Қарулы күштер Бас штабы бастығының, мерзімді әскери қызмет көзделген мемлекеттік органның тиісті басшысының өтініші бойынша жүзеге асырылады.