04:37, 15 Ақпан 2016 | GMT +5
Қырғыз сарбаздарының тамақтануына күніне 60 сом бөлінеді - омбудсмен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз армиясында сарбаздарға тәулігіне 60 сомның (288 теңге) тамағы беріледі. Бұл туралы Қырғызстан омбудсмені Құбат Оторбаев мәлім етті, деп хабарлайды kyrtag.kg.

Әскерилерді тамақтандыруға қаржы жетіспеушілігі жайында мәселені адам құқығы жөніндегі уәкіл Құбат Оторбаев Қорғаныс мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Марат Кенжесариевпен кездесуінде көтерген.
«Қазіргі таңда әскерилерді тамақтандыруға күніне 60 сом бөлінеді. Бұл жеткіліксіз. Салыстыра айтсақ, түрмедегі жазасын өтеушіні тамақтандыруға күніне 86 сом бөлінеді», - деді омбудсмен.