Қырғыз шекарасынан қару алып өтпекші болған Қазақстан азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан шекарашылары шекара арқылы қару өткізбек болған қазақстандықты ұстады, деп хабарлады КирТАГ.

Қырғыз шекарасынан  қару алып өтпекші болған Қазақстан азаматы ұсталды

Кеше «Чалдыбар-автодорожный» өткізу пунктінің шекарашылары Қазақстан азаматына тиесілі көлікті тексеру барысында 9 мм калибрлі Макаров ПМ-Т травматикалық тапаншасын, сегіз патрон, түтіндік қару тәркіледі. Ол Қырғызстаннан Қазақстанға өтпекші болған», - деп хабарлады сенбі күні ҚР мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасай отырып ҚирТАГ.

Тиісті құжаттарды толтырғаннан кейін ұсталған азамат пен тәркіленген заттар Панфилов АІІБ қызметкерлеріне тапсырылды.